Хат жаздым қалам алып сізге еркем
Жүзің бар он төртінші-ай ау айдай көркем
Есіме сен түскенде беу қарағым
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін
дайдидау-ай
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін
Шынымен менен достым қалғаның ба
Мойныңа айырылуды-ай оу алғаның ба
Екеуіміз айырылмастай тату едік
Қайтейін уәдеңнің-оу жалғанына
дайдидау-ай
Қайтейін уәдеңнің-оу жалғанына
дайдидау-ай
Қайтейін уәдеңнің-оу жалғанына
дайдидау-ай
Жүзің бар Он төртінші-ай ай Айдай көркем
дайдидау-ай
Қайтейін уәдеңнің-оу жалғанына
Қайтейін уәдеңнің-оу жалғанына